Аутизм деген не? Аутизм белгілері балаларда қандай?

Аутизм деген не? Ол адамның өзгелермен араласпай жүруі, өзгенің айтқаның түсінбей жатуы, оқшау елден бөлек жүрген адамдардың бойында пайда болатын дерт. Олар басқалар сияқты елмен араласпай, амандассан сені түсіне алмайтын халде болатындары

Аутизм деген не?

Аут ағылшын тілінде тыс дегенді білдіреді. Мысалы футболда доп алаңнан тыс шықса соны аут дейді. Аутизм ол басқа адамдарды елемейтің, өзінің бір қиял әлемінде жүретін жандар.

Аутизм белгілері қандай?

Аутизм дерті неше түрлі бола алады. Соның барша түрін осы жерде жаза алмасақ та ең негізгілерін теріп көрейік.

Аутизм неден пайда болады?

Негізінен генетикадан. Егер әке не ананың ата бабалары осындай дертке ұшыраса ол тұқым қуалай жатуы мүмкін. Мысалы атасы не апасы сондай болса немере не шөбереде соның аз болса да белгілері пайда болуы ғажап емес. Тағы бір себебі ол дәрі мен зиянды заттарды тұтыну.

Арақты көп ішкен анада бала аутизмге ұшырауы мүмкін. Нашақор болған аналарда да. Және не бір күшті дәрілерді ішсе солар да себеп бола алады.

Аутизм неден пайда болады десек оның себептері сан алуан. Тағы бір себеп ол дәрумендердің жетіспеуі. Ана жүкті болғанда керекті дәрумендерді жемесе оның зардабын ұрық та көреді. Аутизмнен басқа да кесел мен ауру осының салдарынан пайда болуы мүмкін.

Тағы бір себеп ол ата аналардың жасы. Жасы ұлғайған сайын осы дертке шалдығу ықтималдығы да артады. Бірақ бәрі сондай бола бермейді. Негізі осы ауру бес жүз баланың бірінде ғана болады. Яғни айтарлықтай көп емес.

Аутизм әйел гөрі ерлерде жиі болады.

Аутизмді емдеу жолы

Өкінішке орай аутизм емделмейтін кесел. Оны емдеп шығамын деп ойламандар. Бірақ сонымен қатар дәрігерге барып тиісті ем домын алу керек. Түгелдей емдей алмаса да аздап болса осы аурудың симптомдарын жеңілдетуге болады. Дәрігер сізге бала жасау керек жаттығуларды үйрете алады. Пайдалы кеңес бере алады.

Сонымен қатар аутизм белгілері бар балалардың бәрі сондай ауруға шалдыққан емес. Мысалы бала ұзақ уақыт сөйлей алмаса ол қорықудан да болуы мүмкін. Басқаларды елемесе, тындамаса оның құлағының бітеліп қалуы да ғажап емес. Демек дәрігерге барып қаралу керек. Диагнозды солар қоя алады.