Фармакология деген не? Фармация деген не?

Фармакология деген не? Дәрілік заттардың адам ағзасына әсерін зерттейтін ғылым. Сонау көне заманнан бұл заманға дейін неше түрлі дәрі табылған. Баяғыда шөп негізінде болса қазір химиялық жолмен синтездейді. Осы орайда қазақ пен түрік елдерінің фармакологиясын ерекше атау керек. Мысалы Ибн Синна Еуропада Авиценна деп аталатын оқымысты бір мың жыл бұрын мындаған дәрілік шөптерді және олардың адам ағзасына әсерін сипаттап кеткен.

Фармакология деген не?

Сонымен фармакология ол дәрілік заттар жайлы ғылым. Олардың адам ағзасына қалай әсер ететінің, жаңа дәрі қалай шығару керектігін, дәрілерді қалай сақтау керек екенің зерттейді. Ол медицинаның іргелі бір бөлігі. Барша адамдар жылына бірнеше рет дәрі ішеді. Мысалы тұмаумен ауырып қалса аспирин мен парацетамолды ішеміз.

Адамнан басқа жануарларға керек дәрілерді де фармация ойлап табады. Жалпы тірі жандарды емдеу үшін пайда болған ғылым.

Фармация деген не?

Фармация ол дәріханалар қызметімен байланысты ғылым. Дәріханаға қалайша дәрі әкелу керек? Қалайша оны сақтау керек? Қандай температурада? Қандай қысымда? Қандай ылғалдылықта?

Сонымен қатар дәріні қалай жасау керек? Қандай технологиямен? Осы сұрақтарға да фармация жауап береді. Қысқасы фармация дәрілерді ел үшін жасау және жеткізу мәселелермен айналысады.