Медицина деген не? Медицина ол адамды емдеу жолдарын зерттейтін ғылым. Оның мақсаты адамды сау ету. Физикалық пен қоса психикалық ауруларды емдеу. Ауруды алдын алу. Ауруды кейде емдей алмағанда жеңілдету. Негізі осы ғылым айналысатын дүниелер көп.

Бастысы адам денсаулығын сақтау. Және аурудан ем табу. Адаммен қатар жануарларды да емдеу керек. Оны ветеринария деген медицинаның бір саласы айналысады.
Медицина сонау көне заманнан адамзат назарында. Неше түрлі ғұламалар сонау көне заманнан бұл күнге дейін ауру емін табумен шұғылданып жатады. Кейбір аурудың емін табу үшін бір не бірнеше ғасыр бойы ғылыми зерттеулер жасайды. Мысалы қазіргі Еуропа мен Америка елдерінде.
Ауруды емдеумен қатар медицина адам өмірінің ұзақтығын арттыру жолдарын да қарастырады. Мысалы сонғы бір ғасыр ішінде адамның орташа өмір сүру жасы екі есе асты. Баяғыда адамның орташа өмір сүру жасы отыз көп болса қырық еді.
Қазір болса жетпіс пен сексен. Себебі неше түрлі дәрі пайда болды. Бұрын тұмау қауіпті болып көп адам содан өлді. Қазір олай емес. Жаңа дәрілердің арқасында ондай ауруларды емдей алдық. Одан кейін тоқсан мен жүз жасқа жету де бар болатын шығар. Болашақта адам баласы Нұх пайғамбар сияқты мың жыл жасай алатын да шығар.