Педиатрия ол балаларды емдеу, оның денсаулығын сақтау. Педиатрия уланған балаларды емдеу тәсілдерін ұсынады. Былайша айтсақ педиатрия балалардың ауруларын зерттейтін ғылым. Медицинаның бір іргелі саласы.
Педиатр деген кім?
Педиатр деген кім? Ол балаларды емдейтін дәрігер. Оның мақсаты бала денсаулығын сақтау. Сау ұлт қалыптастыру. Қазыбек би айтқандай - іргелі ел болғын келсе, бесігінді түзе. Балалар аурулары көп. Негізі үлкендерге де тән аурулар балаларда да бар.

Ауруханаларда педиатр бар. Оның қызметі баланы емдеу. Мысалы баланың тісі шықса ол жылай бастайды. Оның температурасы өседі. Кейде қызарып жылап жатады. Осындайда дәрігердің көмегі керек. Ересектерді емдейтін дәрігер баланың тісі шыға бастағандықтан оның жылап жатқаның білмей де қалуы мүмкін. Себебі ересектерде тіс шықпайды. Демек ондай ауруды ол практикасында көрмей қалуы да мүмкін. Ал талай балаларды емдеген педиатр осыны біледі.
Еліміздің барша ірі ауруханаларында педиатр маманы бар. Олар неше миллион балаға қызмет етеді. Емдейді. Қарайды. Жедел жәрдем ішінде де кейде педиатр маманы бар болуы мүмкін.
Педиатрия бағыттары
Педиатрия өз ішінен бірнеше бағытқа бөлінеді. Олар профилактикалық, ғылыми, клиникалық, экологиялық және әлеуметтік. Профилактикалық педиатрияның басты мақсаты аурудың алдын алу. Мысалы балаларға екпе салу. Ғылыми педиатрия аты атап тұрғандай ғылыми негізде балалар денсаулығын зерттеу.
Клиникалық педиатрия ол ауруды табу. Яғни диагноз қою. Емдеу. Керекті ем домын жасау. Бала айығып кетсін деген мақсаты бар.
Әлеуметті педиатрия мақсаты бүткіл ел, мемлекет денгейінде балаларды емдеу, олардың денсаулығын сақтау сияқты мәселелерді қарастырады. Әлеуметтік факторлардың бала денсаулығына әсер етуін қарастырады. Мысалы бала уақытында ауқаттанбаса ол өспей қалады. Ауру, науқасқа айналады. Сондықтан балаға күтім керек. Отбасы және мемлекеттік денгейде.
Экологиялық педиатрия ол бала ағзасына сыртқы ортаның әсерін зерттейтін ғылым. Мысалы Семей ядролы полигоны бар. Сол жердегі радиация бала ағзасына қалай әсер етеді? Не климаттын өзгеруі бала денсаулығына қалай әсер етеді? Өсімдіктерді баптау, күту үшін не бір химикаттар қолданылады. Олардың бала денсаулығына әсері бар ма? Пестицид қолданылып өсірілген алма балаға сау ас бола ала ма?
Сонымен педиатрия деген не? Педиатрия ол балалардың емдеу әдістерін табуға арналған ғылым. Оның мақсаты бала денсаулығын сақтау. Бала сау боп өсіп өнсін деген ниетпен ем жасалады.