Кардиолог деген не? Адам ағзасында жүрек ерекше орынға ие. Ол барша жерге қанды тасымалдайды. Қанмен бірге оттегі мен қорек дене мүшелеріне жетеді. Адамның жүрегі тоқтамай жұмыс істеп жатады. Бақандай жетпіс не сексен, кейде тіпті жүз жыл бойы жұмыс істей алатын насос! Адам қанша жыл өмір сүрсе сонша жыл жүрек жұмыс істеп жатады.
ЭКГ деген не?
Жүрек жұмысының графигі Электро Кардио Грамма деп аталады. Қысқаша ЭКГ. Оның суреті мынандай етіп қағаз бетіне түсіріледі (не мониторға):

ЭКГ деген осы. Адамға ЭКГ жасау үшін оны кушеткаға жатқызып үстіне арнайы электродтарды қояды. Солар жүректе пайда болған электр зарядтардың ұшқының сәт сайын тіркеп қағаз бетіне жазып отырады:

Жүректе пайда болған электр тербелістер оның жұмысына тәуелді. Осы графикке қарап кардиолог дәрігері адам жүрегінің жұмысын бағалай алады.
ЭКГ жасау оңай әрі оның зияны жоқ. Өйткені осы жерде тоқты өлшейтін аса сезімтал құралдар ғана пайдалынады. Телефон мен компьютердей. Рентген сияқты адамға зиян тигізбейді. Негізі рентгенге жиі түсуге болмайды өйткені ол жерде радиоактивті заттар пайдалынады. Ал мына жерде тоқ қана.
Кардиолог мамандығы
Жүрек адам ағзасы болғандықтан ол да ауырады. Жүрек ауруларын білетін адам кардиолог деп аталады. Оның мақсаты адамның жүрегін хирургиялық әдіспен емдеу. Кейде жүректе май көбейіп ол бәсендей жатады. Соны алу үшін арнайы операция керек. Яғни кардиолог қажет. Кейде операция жасамай дәрі беріп те жатады. Фармакологиялық жолмен де кейбір аурулардің емі табылып жатыр.
Сонымен кардиолог деген кім? Ол жүрек аурулардың емін таба алатын маман. Оның мақсаты жүрекке күтім жасау. Оның қызметін жақсарту.
Кардиология деген не?
Кардиология жүрек ауруларын зерттейтін ғылым, медициналық бағыт. Медицинаның бір саласы. Дамыған елдерде кардиологиялық дәріханалар мен институттар бар. Кардиология біршама қиын сала. Ол терапия не педиатрия сияқты емес. Терапевтің жұмысы бәлендей қиын емес. Оның қарайтын аурулары тұмау, ангина сияқты.

Ал жүрекке ота жасау ол ангина емдеу емес қой. Отау жасай алу үшін шеберлік керек. Білім керек. Қарапайым көліктің қозғалтқышын жөндеу үшін техникумде берілетін білім де жеткілікті, ал қанша миллион жылдар бойы дамып және күрделеніп кеткен адам ағзасының қозғалтқышы жүрекке ота жасау үшін көп жыл алдымен университетте, кейін магистатура мен докторантурада оқу керек.