Эпилепсия деген не? Эпилепсия ол жүйке жүйесінің зақымдалуы. Оған шалдыққан адамда спазм кеңеттен пайда болуы мүмкін. Жүре жүріп лезде спазм пайда болуы мүмкін. Адам тыныс ала алмай, жұлқынып, көзі айналасынан шығып кетеді. Жерге кеңеттен құлап қалып дір дір ете жата қалады:

Оған себеп адамның жүйкесіндегі нейрондардың кеңеттен тым көп сигнал жібере салуында. Өздеріңіз білетін шығарсыз, ми бірімен бірі байланысқан сымдардан құралған, олар тоқты өткізеді, соны нейрондар деп атайды. Адам миында "көзді жұм" деген бұйрық пайда болса ол мидан көзге осы электр сигнал ретінде нерв арқылы жетеді.
Демек сондай нейрондар зақымдалса адам миында кеңеттен неше түрлі күшті сигналдар пайда болады. Олар тым қатты болса адамның денесі оны көтере алмай дір ете қалады. Компьютер кейде тым қызып керсе істей алмай, адамның бұйрығын орындамай қалады емес пе. Эпилепсия кезінде де шамамен сондай жағдай туындайды.
Егер балада сондай дерт пайда болса оны дереу педиатрға апару керек. Педиатр қарап, тиісті анализ жасап керек маманға жібереді.
Эпилепсия белгілері
Эпилепсия белгілері сан алуан. Негізінен жүре алмай, жерге құлап дірілдеп жатуы, басқа адамдарды естімей, тындамай жатады. Эпилепсия бүткіл дене бойында не адамның бір жағында ғана пайда болуы мүмкін. Бірінші кезде адам есінен танып қалады.
Ол не болып жатқаның білмей жатады. Екінші жағдайда адам есінде болады. Адамда эпилепсия екі не бес минуттай бола алады. Кейде оның аузынан көбік те ағады. Кейбірі бұтына сиіп те қояды. Бұндайда басқалар күле салса оған ауру адам ренжімеу керек. Адамда көп мәрте рет сондай кемшілік туындаса ол урологқа баруы керек.
Эпилепсия емі
Эпилепсия емі арнайы дәрілерді ішумен басталады. Дәрілер пациенттің зақымдалуына байланысты. Адам осы дертке шалдықса оның миындағы нейрондар зақымдала бастайды. Демек белгісі бір рет белгілі боп қалса дереу дәрігерге барып тиісті дәрі алу керек.
Ол дәрілерді арнайы зерттеулерден ғана маман жазып береді. Дәрі ішкен адам айығып кете алады. Басқа аурулар сияқты осы жағдайда кофе, арақ, темекі сияқтыны шектеу не тіпті тұтпау керек. Негізі сау болғысы келетін адам осы заттардан аулақ жүруі керек. Мысалы гастроэнтерологиялық аурулар (асқазан аурулары) мен холецистит осы заттардан пайда болуы мүмкін.
Эпилепсия түрлері
Медицина ғылымында эпилепсия түрлері екеу. Ол себебі аңықталмаған. Оны алғашқы не идипатикалық деп атайды. Не себептен екенің білмейді. Тағы бір түрі ол симптоматикалық эпилепсия. Яғни адамның миы дертке ұшыраса.