Терапевт деген кім? Терапевт от барша бағытта орташа білімі, танымы бар дәрігер. Ол жалпы медицина жайлы білуі керек. Қандай аурулардың барын және қандай маман керектігін. Мысалы адам терапевтке келді. Ол оны қарайды да басқа дәрігерге жібереді. Жүрегі ауырса кардиологқа, асқазаны ауырса гастроэнтерологқа және тағы басқаларына.

Терапевтің басты мақсаты науқас адамды керекті дәрігерге жіберу. Ол адамның қандай ауыруы бар екенің білуі керек. Кейде бір ауырудың бірнеше белгілері бар. Мысалы бас ауырса. Бас ауыруы тістен, жүректен, асқазаннан, бүйректен және тіпті аяқтан болуы мүмкін. Мысалы варикоз кезінде аяқ тамырлары бітеліп кетеді де қан айналымы нашарлайды. Адамның басы зақымдалмаса да ол ауыра бастайды. Өйткені ол жаққа қан жүрмей қалады.
Терапевт не істейді?
Ол адамның температурасын, қысымын, тілін қарайды. Көзін қарайды. Әрбір аурудын өзін тән белгілері бар. Соларды табу жолында адамның температурасын, қысымын өлшейді. Керек болса кейін басқа, арнайы білімі бар маманға жібереді. Ауыру белгілерін тауып. Мысалы жедел жәрдем ішінде терапевт бар болсын делік. Ол баланы қарап оған дәрі тағайындауы мүмкін. Не педиатрға жіберуі мүмкін. Өзі ауыруды таба алмаса. Я оның белгілері тайға таңба басқандай анық болмаса.
Терапевт деген не? Ол жалпы білімі бар маман. Оның мақсаты ауруды табу. Емдеу, емдей алмаса басқа, арнайы білімі бар маманға жіберу.
Терапия деген не?
Терапия ол адамды кеспей емдеу жолын қарастыратын медицинаның бір іргелі саласы. Дәрі беріп, шөп ішкізіп емдеу амалын жасайтын медицинаның бір саласы. Мысалы адамның жүйкесі сыр бере бастаса оны арнайы ыстық ванналарға жатқызады. Шипажайға жібереді. Таза ауада ол демалып тынығады.
Ұйықтау да терапия. Өйткені ұйқы кезінде адам тынығып күш жинайды. Босқа мазаланбайды. Қазақстанда Сары-Ағаш, Бурабай, Алакөл сияқты шипажайға толы жерлер бар. Ол жерде асқазан, тері, өкпе, бүйрек ауруларын емдеуге болады. Минералды су ішу асқазан мен ішек жолдарын емдейді. Ішкі жаралар жазылып кетуі де ғажап емес.
Осыны терапия дейді. Терапияның мақсаты адамды кеспей, іштей емдеу. Дәрі беріп, шөп ішкізіп, физикалық әдістермен емдеу. Ультракүлгін сәулемен адамды емдеуге болады. Кейбір бактериялар осындай сәуледен жойылады. Демек адам денесіндегі тері ауырулары емделуі мүмкін.